«Қазақстан ғалымдары»

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.
Отандық ғылымның пайда болуы мен қалыптасуына, жетіліп дамуына ұлан-асыр еңбек сіңірген ғалымдарды көпшілік оқырманмен қауыштыру мақсатында шығарылып отырған «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығының көтеретін жүгі жеңіл емес. «Қазақ эниклопедиясы» тәуелсіздік алған уақыттан бері көптің көкейінде жүрген келелі істі қолға алып отыр.
Бұл энңиклопедиялық анықтамалық 2 томға топтастырылған 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде — Қазақстан ғылымының басында тұрған тұлғалар туралы материалдар берілген. Айта кетерлігі, құрастырушылар бұл бөлімде белгілі ғылыми дәреже, атағы болмаса да, Қазақстан жерінде алғашқы ғылым ошақтарының пайда болуына жол тапқан оқымысты ғалымдарымызды қамтуға тырысты. Мұнда алғашқы жоғары білімді инженер, мал дәрігері, геолог және т.б. енгізілді.
Екінші бөлімінде — Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, корреспондент мүшелері және шетелдік академиктер туралы толық материалдар берілген.
Үшінші бөлімінде — аса көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғылыми мекемелердің басшылары, қазіргі замандағы ғылыми ортаға өзіндік тың жаңалығымен белгілі түлғалар, т.б. ғалымдар туралы материалдар энңиклопедиялық тәртіппен, әліпби бойынша берілген. Энңиклопедиялық мақала әр ғалымға арналып, жеке суретімен толықтырылды.
Қазіргі замандағы қазақстандық ғалымдардың ғүмырбаянын оқырманмен таныстыру мақсатында шығарылатын бұл энңиклопедиялық анықтамалықты дайындау үшін республикамыздағы әрбір ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарына, академиялар мен ғылыми үйымдарға хат жолданды. Көптеген ғылыми мекемелерден мәліметтер келіп түсті. Келешек қазақстандық жас ғалымдардың бой түзеп қалыптасуы мен ғылымға деген құштарлығын арттыру үшін бүл кітаптың қосатын үлесі мол. Алдыңғы буынның асқаралы асуларды бағындыра білген ерен еңбектері кейінгі буынға үлгі-өнеге әрі барлық қазақстандықтар үшін мақтаныш пен абырой болып табылатыны айқын.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҚазақстанҒалымдары