«Тәуелсіздікті жырлаймын ұрпақ үшін»

Бүгінгі шығарылым Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады.  1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.

Халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен  қазіргі Қазақстанның жетістіктері жайында көптеген ақындар жырлаған. Олай болса, сол өлеңдердің үзінділерімен танысайық.

Поэтикалық шығарылымда оқырмандарымызды М. Жұмабаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, К. Салықов, Е. Шаймерденов ақындардың Тәуелсіздікке, елге, тілге арналған өлеңдерімен таныстырудамыз.

Мерекемен құттықтай отыра, тілекті ақын Сәуле Досжанованың «Тәуелсіздік толғауы» атты өлеңінің жолдарымен айтайық:

Әрбір үйдің бақытың жандырып кеп,

Отаныма атсын әр таң күліп кеп.

Бабаларым жолында болған құрбан,

«Азаттығым жасай бер мәңгілік!» деп.

Мен жырлайын әр сәтін тыныштықтың,

Достықтың, татулықтың, туыстықтың.

Бостандығым тербеп бесігінде,

Қайнатайық қазаның ырыс-құттың.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс