«Жемқорлықпен күресу — әр адамның міндеті»

2004 жылдан бастап 9 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіліп келеді. Осыған орай бүгін кітапхананың Абонемент бөлімінің басшысы Қайыржан Маликова «Жемқорлықпен күресу – әр адамның міндеті» тақырыбына тікелей эфирде сыбайлас жемқорлық тақырыбына жазылған кітаптарға шолу жасады.
Эфирде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», «Стратегия борьбы с коррупцией», «Борьба с коррупцией», «Антикоррупционная правовая политика», «Коррупционные преступления: закон, теория и практика» атты заң ғылымдарының докторлары А.Смағұлов, Б.Жетпісбаева, Е.Алауханов, И.Борчашвили және т.б. авторлардың кітаптары таныстырылды. Аталған еңбектерде сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның пайда болу тарихы, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың түрлері, оған қарсы күрестегі отандық және халықаралық тәжірибелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заңдар, қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылған.
Осы тақырыпқа арналған өзге де кітаптармен біздің кітапханада таныса аласыздар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы#ЖемқорлықпенКүресуӘрАдамныңМіндеті