Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай Қазақстанның құрметті профессоры
2021 жылдың 29 қыркүйегінде С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың тікелей эфирінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Қазақстанның құрметті профессоры, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан университеті профессоры Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай біздің атақты жерлесіміз, академик жазушы, драматург, әдебиеттанушы ғалым Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайлы жан-жақты баяндап берді.
2021 жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық музейінде қазақ ақын-жазушыларына арналған әдеби музей ашылды. С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызының шақыруымен осы іс-шараға қатысып, Сәбит Мұқановқа арналған экспозицияны ұсынды. Зарқын Сыздықұлы осыған байланысты С. Мұқанов туралы, оның шығармашылығына қатысты тың мәліметтермен бөлісті.