📚 Книга

Шығармалары: 2 томдық. 2-ші том: Аққан жұлдыз

Издательство
Жанр / Категория
Место издания Нұр-Сұлтан
Год издания 2020
Страниц 640
Экземпляров 5 шт.
Библиогр. описание Мұқанов, Сәбит. Шығармалары: 2 томдық. 2-ші том: Аққан жұлдыз / С. Мұқанов. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. - 640 б.

Аннотация

Сәбит Мұқанов қазақтың XIX ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Романды жазу барысында Қытайдың Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқан басып өткен елді мекендерді аралап, бастан кешірген оқиғаларына терең үңіліп, зерттеу жасады. Омбы мен Ленинград қаласындағы мұрағаттар мен кітапханаларды ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан-дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді.
Жазушының Шоқан туралы жазған еңбегінің екі кітабы ғана аяқталған. Өкінішке орай, Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

О книге