Аннотация
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қаламгер Қалихан Ысқақтың бұл шағын жинағына соңғы жылдары жазылып, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген проблемалық мақалалары топтастырылып отыр. Оларда негізінен тәуелсіз Қазақстанның өнері мен мәдениеті жайлы келелі ойлар қозғалады.
Кітапша жоғарғы оқу орындарының студенттері мен елім деген "көкірегі ояу, көзі ашық" жалпы жастар қауымына арналған.
