📚 Книга
Уақыт іздері
Аннотация
Ғабит Мүсрепов — көркем сөздің бетке ұстары. Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсрепов — саяси-әлеуметтік өмірімізге ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан үлкен қоғам қайраткері.
Ол әлемдік аса маңызды жиындарда өзінің сүйікті Совет елі атынан талай-талай тегеурінді сөз сөйледі, Отанының намысын қорғады, абырой-атағын көтерді.
Көреген қаламгер Октябрь революциясымен дүниеге келген Одақтың Ленин нұсқаған бағытта өсу, өркендеу жолын қоса көріп, бақылап, оған сезімтал жүректің үнін қосып келеді. Бұл үн әдебиетіміздің жауынгер жанры — көркем очерк пен көркем публицистика түрінде көрінсе, ол шығармада да жазылғандай, жақұтша жарқырап, оқырман ойын қазір де тап басып тұрған сияқты.
Кейінгі қырық жыл ішіндегі таңдаулы туындылар іріктеліп алынды.
Автордың бұл бірінші басылым көргелі отырған кітабы — жастар жайлы, жас ұрпақ тәрбиесі жайлы, еңбекшілерге ақыл-кеңес, жалпы алғанда, тақырып аясы кең, тек шартты түрде ғана бес бөлімге бөлінді.
О книге
Онлайн-просмотр
Уақыт іздері
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
