📚 Книга
Көп томдық шығармалар жинағы 5-ші том
Аннотация
Ш. Ш. Уәлиханов шығармалары жинағының бесінші томына ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар мен құжаттар енгізілген. Оның отбасылық және қоғамдық ортасы, қызметтік және ғылыми өсу жолы баяндалған.
Шоқан Уәлихановтың қызметтік және ғылыми өмірбаянын қамтитын тараулар енгізілді, хронологиялық және тақырыптық тәртіппен құрастырылды. Орыс географиялық қоғамында баяндалған еңбектері енген.
«Хат алысулар» тарауында А. Н. Майковтың Ш. Ш. Уәлихановқа жазған хаты, Шоқанның Г. А. Колпаковскийге жазған екі хаты, сондай-ақ Ш. Уәлихановты Қашғарға (1859) апарған керуенбасы Мұсабайдың есептері мен хаттарының сериясы беріледі.
Томның негізгі бөлігін көлемі бойынша да, мазмұны бойынша да Ш. Ш. Уәлиханов туралы оның замандастарының, әріптестері мен достарының баспасөзде жариялаған мақалалары мен шағын жазбалары құрайды.
Том Шоқанның туған жерінде ескерткіш орнату туралы құжаттардың шағын жиынтығымен аяқталады.
Осы томға енген Ш. Ш. Уәлихановтың шығармалары 1985 жылы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты дайындаған Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының негізінде қазақ тіліне аударылып, түсіндірмелері ғылымның қазіргі заманғы сұранысына сәйкес жаңартылып, толықтырылып дайындалды.
О книге
Онлайн-просмотр
Көп томдық шығармалар жинағы 5-ші том
Нажмите «Читать», чтобы открыть материал прямо на сайте.
