Аннотация
Кітапта ақын Мағжанның, қайраткер Мағжанның өмірі мен қызметінің елеулі кезеңдері XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тағдырымен ажырамас тұтастықта танылады. Тарихта ұмытылмас із қалдырған оқиғалар бір өлке шеңберінен шығып, бүкіл ел аймағына тән құбылыстарға ұласа келіп, Мағжан Жұмабайұлы сияқты кесек тұлғаларды қалыптастырады. Ұлы ақынның қиын тағдырын жете білуге ден қойған оқырман бұл еңбектен біраз құнды мағлұмат алады.
Кітап ел тарихын зерттеушілерге, өлкетанушыларға, мектеп оқушылары мен жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне, қалың қауымға арналған.
