Аннотация
Сексенінші жылдардың басында Қарағанды кооперативтік институтында оқып жүрген кезінде-ақ балауса жырларымен әдебиет сыншыларының назарына іліккен Тоқтар Зікірин – қазір облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде шығармашылық топтың жетекшісі. Қырық жылдай қолынан қаламы түспеген ақын сыр-сезімдерге толы толғанысты сәттерін жыр жолына түсіруден жалыққан емес.
Республикалық және аймақтық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы Т. Зікіриннің бұл жинағын оның ұзақ жылғы еңбегі мен ізденісінің жемісі деп таныған жөн.
