Аннотация
Мұхамедия Жұмағалиевтің өлеңдері республикалық баспасөз бетінде жиі жарияланып жүр. Ол — туысқан республикалар жас ақындарының Бүкілодақтық VIII фестиваліне қатысушылардың бірі.
Жинаққа жас ақынның туған жер, оның әсем табиғаты, жарасты жастық шақ, асыл махаббат жайлы өлеңдері енгізілді. М. Жұмағалиев жырларына нәзік саздылық, сыршылдық тән.
