📚 Книга
Казахстан — Россия: Литературный альманах = Қазақстан — Ресей: Әдеби альманах
Аннотация
Жыл сайын шығатын «Қазақстан - Ресей» әдеби-көркем альманағының төртінші басылымы 2018 жылы өзінің 20 жылдығын атап өтіп жатқан Астананың мерейтойына арналады. Жинақта ҚазақстанныңТұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана түрғызудағы рөліне арналған шығармалар, Астана мен Алматы, Мәскеу мен Санкт-Петербург, Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан Астрахань, Самара, Орал, Орынбор, Омбы, Павлодар, Өскемен, Барнаул, Бийск қалалары ақын-жазушыларының өлеңдері мен прозалық туындылары топтастырылған. Астанада өткен, поэтикалық сөэдің біріктіруші күшін тағы бір паш еткен «Ақ ордалы - Астана» халықаралық поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері альманахқа үлкен бөлім ретінде енгізілген.
