📚 Книга

Ботай

Издательство
Жанр / Категория ,
Место издания Алматы
Год издания 2020
Страниц 480
Экземпляров 4 шт.
Библиогр. описание Зайберт, Виктор Фёдорович. Ботай = Ботай = Botay [Мәтін] / В.Ф. Зайберт. – Алматы : Балауса, 2020. – 480 б. : фотосурет

Аннотация

Ботай! Иә, бүгінде Ботайды білмейтін ел-жұрт, әсте, жоқ та шығар-ау... Өйткені Ботай туралы әлемнің ең озық университеттерінде дәрістер оқылып, әлемнің, ең үздік киногерлері деректі киноленталар түсіруде, әлемнің ең маңдайалды ғалымдары өздерінің зерттеу еңбектерін осынау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау өңіріндегі Ботай қонысына арнауда...
Міне, солардың бірі, һәм бірегейі, жерлесіміз профессор-археолог Виктор Зайберт осы Ботай мәдениетін 40 жыл бойы талмай зерттеп келеді. Ал көпшілікке ұсынылып отырған бұл кітап-альбом соның мәуелі жемісі іспетті.
Кітап біздің заманымызға дейінгі ІҮ мыңжылдықта осынау Ұлы Дала төскейінде ғұмыр кешкен бабаларымыздың-бабаларының өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сан алуан сыр шертеді. Дала өркениетінің дәл осы Ботай жерінен бастау алғанына көзіңізді жеткізеді. Алғаш рет жылқының осы жерде қолға үйретіліп, осы жерде бие сүтінен қымыз ашытылғанын біліп, мерейіңіз өседі, көңіліңіз тасиды.

О книге