Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Мейірімділіктің маңызын арттырып, қайырымдылықтың қанатын жаятын, жүректі жылулыққа толтырып, ниеттің тазалығымен түйінделетін бұл тамаша мейрамның мағынасы терең. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биыл Құрбан айт мерекесі 20-22 шілде күндері өтеді. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалынады, бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.