«Жыр жүйрігі»

1 шілде С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Зейнолла Әкімжановтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Жыр жүйрігі» атты еске алу кеші өткізілді. Шараны кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Әшімова М.Т. жүргізді. Еске алу кешіне зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, оқытушылар, журналистер, кітапхана оқырмандары шақырылды. Шарада ардагер ұстаз, Зейнолла Әкімжановтың ауылдасы Қарақат Шалабаев, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантайұлы, белгілі журналистер, З.Әкімжановтың әріптестері Есқали Өмір Шалабайұлы және Қали Қошан Тортайұлы, ауылдасы Төлегенов Жапар Бәриұлы, ақын Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы сөз сөйлеп, ақынның өмірі, шығармашылығы, қызметі және бойындағы қасиеттері туралы баяндады, естеліктерімен бөлісті. Зейнолла Рамазанұлының ақындығымен қатар, қайраткерлігі, білімділігі, қайсар мінезділігі, ағалық қамқорлығы баса айтылды. Ақынның туысқан інісі Самрат Құскенов Зейнолла Әкімжановқа «Арнау» өлеңін оқыды. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2 курс студенті Аяған Диас, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 2 курс студенті Мұхамедғалиева Айдана, №8 орта мектептің 9 сынып оқушысы Амангелді Әдемі ақын өлеңдерін оқыды. Кештің соңында ақынның жары Қожахметова Ғалия Уахитқызы сөз алып, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ЖырЖүйрігі