«Домбыра — Қазақ халқының жаны»

Шілде айының бірінші жексенбісінде елде ұлттық Домбра күні атап өтіледі. Осыған орай кітапханамызда домбыраның тарихы, атадан балаға беріліп келе жатқан өнер ретінде қазіргі таңда өзектілігі жоғалмай, одан әрі түрленіп келе жатқаны жайлы тікелей эфирімізде көре аласыздар.
Қазақтың ежелден келе жатқан, тіршілігімен тығыз байланысты үш дүние бар. Олар – киіз үй, ер тоқым және домбыра. Киіз үй баспана ретінде бағаланса, «Ерттеулі ат ер жігіттің қанаты», яғни ер тоқым сол қанатқа қажет бұйым. Ал домбыраның жөні ерекше. Ол – қазақ халқының рухани байлығының кілті. Көне түрік дәуірінен бері талай ғасырлардың талқысынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып жеткен домбыра – қазақ халқының баға жетпес ұлттық рухани құндылықтарының бірі болып саналады. Академик А.Жұбанов: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі» — дейді. Домбыра ерте замандарда пайда болып бүгінгі күнге дейін саф алтындай сақталып, халқымыздың тыныс-тіршілігімен етене қабысып, кеңінен қолданылып келе жатқан музыкалық аспаптардың бірі.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ДомбраКүні