Тікелей эфир «Жаңа түскен кітаптарға шолу»

Тікелей эфир «Жаңа түскен кітаптарға шолу».

2021 жылдың 17 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.

2021 жыл – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болғандықтан, осы жолы кітапханашы Марал Касенова жаңа түскен балаларға арналған кітаптармен таныстырды.

Алғашқы таныстырылған кітап ардагер ұстаз, аудармашы Бибісара Қайымованың  «Қазақстан халықтарының ертегілері» атты кітабы. Бұл кітап Алматының «Дәуір» баспасынан 2020 жылы жарық көрген. Ертегі — қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих-тағлымы, салт-санасы, дәстүр-ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр. Жинақтағы ертегілер — егемен Қазақстан жерін мекен еткен бауырлас ұйғыр, дұнған, әзірбайжан, белорус, шешен-ингуш, украин халықтарының ежелгі ауыз әдебиеті жаһұттарының озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік береді.

Келесі таныстырылған кітаптар: бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ ата-аналар мен тарих пәнінің ұстаздарына және сынып жетекшілеріне арналған «Самұрық құсының сиқырлы қауырсыны» атты Шымкент қаласында 2020 жылы басылып шыққан Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы туралы кітап, Түріктің жас жазушылары Айқұт  Ертұғрұл мен Гүрай Сүнгү құрастырған  «Қорқыт ата не деді?» атты кітап (Алматы: «Балалар әдебиеті», 2020), белгілі балалар жазушысы Қанат Қайымның «Көпір астындағы үй» (Алматы: «Болашақ» АҚ, 2020. -240 бет.) атты кітабы, Болат Асановтың «Ең әдемі құс қайсы?» (– Алматы: «Болашақ» АҚ, 2020. -240 бет.) атты кітабы, бұл кітапқа туған жер, Отан, ана, табиғат көріністері, құстар, аңдар, жануарлар туралы өлеңдер мен тақпақтар, мысалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар енген.  .Бұл кітаптардың балаларға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу