Тікелей эфир «Бір ел – бір кітап» акциясы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» Драматургия

Бүгін «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» көрмесінің драматургия бөліміне шолу жасалды. Драматургия — әдебиетіміздің маңызды жанрларының бірі. Бұл жанр бойынша акция аясында 6 кітап таңдалды: «Жеті желкен» (Д.Исабеков), «Айна ғұмыр» (Р. Отарбаев), «Қорқыттың көрі» (Иран-Ғайып), «Пешене» (Д. Рамазан), «Жанталас» (С. Қасымбек), «Көмбе нанның дәмі» (М.Омарова).
Драмалық шығарма – театрмен тығыз байланысты бола отырып, сол арқылы оқырманын, көрерменін ерекше әсерге бөлейтін жанр. Бұл аталған авторлар пьесалары елімізде ғана емес, шетел театрларының сахналарында да қойылып жүрген белгілі драматургтер.