С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханада тікелей эфирде Домбыра күніне орай белгілі күйші-домбырашы, ардагер ұстаз Серікбай Бәриұлы Құсайыновпен «Домбыра – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы» атты онлайн кездесу өтті. Кездесуге Серікбай Бәриұлының немересі, жас күйші, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ музыка бөлімінің 3 курс студенті Диас Серікбай қатысты.