Ауыл – соғыс жылдарында

Хамзин Қ. «Ауыл – соғыс жылдарында»
1941-1945 жылдары болған сұрапыл соғыс біткеніне 64 жыл өтсе де, әлем халқы бұл қырған соғыстың қасіретін ұмытқан жоқ.
Соғыстың жаппай қыру – жою қанжосалары, қирату-күйрету қастандықтары туралы жазылған еңбектер аз емес.
Десек те, кенже қалған, жете зерттеліп, жеткілікті айтылмаған тақырып, соғыс жылдарындағы арттағы елдің (тылдың) «адам басына бермесін» дегендей хал-жағдайы.
Бұл әлде болса көңіл қойып, оралатын істің бірі.
Қолымыздағы «Ауыл соғыс жылдарында» атты кітапта, жерлес қаламгеріміз Қобылан қажы Хамзаұлының сол кездегі ауыл өмірін өзі бірге жүріп көрген, тағыдрын бөліскен тұрмыс-тіршілік әңгімелері, қазіргі ұрпаққа өте қажетті дүниелік.
Қобылан Хамзаұлының жазған бірнеше кітаптарын оқып, риза болып жүрміз. Бұл еңбегі де өте қажетті тақырыпқа арналған екен, оқырман қауым ризашылықпен қабылдайтынына сенеміз.