Қазақ жауынгеры Ұлы Отан соғысы майданында
Қазақ жауынгеры Ұлы Отан соғысы майданында [Мәтің] : (тарихи-құжаттық зерттеу) / [Құраст.: Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Ж. Ү. Қыдыралина [к.ж.б.]]. – Алматы : Өнер, 2010. – 640 с. : сурет., кесте. – (Жеңіс). – 2 000 дана. – ISBN 978-601-209-142-7.
Аннотация: Бұл кітапта Ұлы Отан соғысы жайында Б. Момышұлының, М. Ғабидуллиннің, Н. Оңдасыновтың, Ш. Ермағамбетовтың, Т. Әшімбаевтың, Ә. Нұршайыковтың, Ж. Қизатовтың, С. Нұрмағамбетовтың, А. Қазақбаевтың, Қ. Қайсновтың, С. Бекеновтың естеліктері мен пайымдаулары берілген. Сонымен бірге, т.ғ.д. Ж. Ү. Қыдыралинаның Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттары және белгілі ғалымдар Д. А. Махаттың, Т. С. Қаленованың, С. Ш. Мухамеджанованың, А. С. Макиповтың, С. Кенжебаевтың, К. Байсеркиннің, К. И. Искаковтың, А. Н. Қашқынбаевтың, Т. С. Садықовтың, Б. Шарахымбайдың, Т. Батырханның ғылымизерттеулері сонымен қатар Б. Ғ. Аяған мен Х. М. Әбжановтың жеке мұрағатынан алынған құжаттары қамтылды.
Атылмыш еңбекте қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қосқан жалпы үлесі жайында кішгірім өзекті зерттеулер мен тарихи-құжаттық материалдар жинақталып, бес жылдық соғыс тарихының ақтаңдақтарына және де соғыс жылдарындағы халықтың ауыр тұрмыс-тауқыметіне шынайы баға беріледі.
Кітап Отан тарихына қызығушылық танытқандар мен жоғары оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынылады.