
Солтүстік Қазақстан облысы – кітап оқитын өңір
“Зерделі ұлт” ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында
«Солтүстік Қазақстан облысы – кітап оқитын өңір» – кітап оқуды насихаттауға, тұрғындардың кітап пен кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба.
Жобаның мақсаты: өңір тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
- кітап пен кітап оқуды кеңінен насихаттау;
- кітапханаларға жаңа оқырмандарды тарту;
- тұрғындардың оқу белсенділігі мен оқу сауаттылығын дамыту;
- кітап оқуды қолдауға бағытталған байқаулар, акциялар және түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру;
- балаларды, жастарды, отбасыларды және қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарын кітап оқуға тарту.

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Кітап оқу мәдениеті бойынша ұлттық сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сіздің пікіріңіз Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға, кітаптар мен кітапханалардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
Сауалнама анонимді
14 жастан асқан Қазақстан тұрғындары қатысады
Төмендегі сілтемеге өтіп, өз пікіріңізді қалдырыңыз.
Қазақ тілінде https://forms.gle/u6HaM9GjAZKttMPj6










