

Кешімізге М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының студенттері мен оқытушылары, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, журналистер, «Қаламгер» клубының мүшелері, Ғалым Малдыбаевтың балалары, жерлестері қатысты.
Кешті бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.

Алғашқы болып сөз сөйлеген белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің директоры Жарасбай Сүлейменов Ғалым Малдыбаевтың қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын екенін, өте білімдарлығын, республикамыздың көптеген облыстарында қазақ газеттерінің шығуына және қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңіргенін тілге тиек етті.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Таласпаева ақынның шығармашылығына жан-жақты тоқталды.

Ғалым Малдыбаевтың жерлесі, ардагер ұстаз Жұмаш Сейітбеков жүрек тебірентер естеліктерімен бөлісті.
Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы және студенттер Қызғалдақ Бердімұрат, Қарақат Нұржанова, Ақәділ Талапбеков, Ерлан Жұмақан ақынның жырларын оқып, кештің ажарын аша түсті.

Ақынның қызы Ғалия Ғалымқызы өзінің әкесіне арнап шығарған «Әкеме» атты өлеңін оқып берді.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #ЖыршылЖүрек