Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған көрме

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» — деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл — жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Бүгінгі күні біздің облыстық кітапханада Жамбыл бабамызға арналған 140 жуық кітаптары бар. Оның ең көнесі Жамбыл атамыздың ақындығына (шығармашылығына) 75 жыл толуына орай Алматы мен Мәскеуде 1938 жылы латын графикасымен басылып шыққан мына кітабы.