ЖОЛБОЛСЫНОВА Әмина Сыздыққызы (12.12.1935, Петропавл қ.) — ғалым. химия ғыл. докт. (1992), проф. (1995). Леминград мемл. ун-тін (1958), Мәскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1968) бітірген. 1958—60 ж. Петропавл мед. уч-щесінде оқытушы, 1960—62 ж. Петропавл ауыр машина жасау з-тында инженер-технолог. 1962-64 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Химия ин-тында кіші гыл. қызметкер. 1968—70 ж. ҚазМУ-да аға оқытушы. 1970 жылдан Солт. Қазақстан ун-тінің химия кафедрасында доцент, 1995 жылдан проф. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты — жоғары молекулалы қосылыстар саласын зерттеуге арналған. Ж. желатиннің, поливинил спиртінің, казеиннің ауыл ш-нда қолданылу мүмкіндіктерін тапты. Жұмысының нәтижелері облыстың шаруашылыүтарында өндіріске енгізілген. 100-ден аса ғыл. еңбектің авторы, авторлық куәлігі бар.
Шығ.: Состав для дражжнрования семян сельскохозяйственных культур. 1992 Бюл. N23, (соавт.); Кормовая добавка для телят, Бюл. N48, (соавтор) 1992: Кормовая добавка для телят. Бюл. N3, (соавтор) 1993.
Т.Қанаева