Желболдин Еркебұлан Тасбайұлы

ЖЕЛБОЛДИН Еркебұлан Тасбайұлы (1934, қазіргі Жамбыл ауд. Преснов а.) — партия және қоғам қайраткері. Петропавл пед. ин-тын бітірген (1959). Алүаш Преснов ауд. Баян ауылдық орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болүан. 1960-69 ж. партиялық қызметтерде: нұсқаушы. Преснов ауд. партия к-тінің нұсқаушысы. үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1969-76 ж. Возвышен (қазіргі М.Жұмабаев) ауд. партия к-тінің хатшысы, 1976-80 ж. Солт. Қазақстан обл. партня к-тінің Саяси ағар-ту үйінің меңгерушісі, 1980—87 ж. обл. мәдениет басқармасының бастығы. 1987—94 ж. Петропавл қ-ндағы орта мектептің директоры қызметтерін атқар-ған. Құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққаннан бері обл. ардагерлер кеңесінде жұмыс істейді. Өлкенің тарихы туралы жазылған бірнеше кітаптарының топтамасын шығарды. “Обряды и традиции” (Қазақ халқының тұрмысы мен өмірі туралы) кітабының авторы. “Құрмет Белгісі” орденімен, медалдермен марапатталған.