«Жазушы ғибраты»

2023 жылдың 26 сәуірі күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ұлы тұлғасы, жерлесіміз академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 123 жыл толуына арналған «Жазушы ғибраты» атты Мұқанов оқулары өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Жоғары медициналық колледждің студенттері, «Қаламгер» клубының мүшелері, С.Мұқановтың жерлестері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараны Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді. Шараға қатысқандар Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толық құнды ақпарат алды.
Алғашқы болып сөз сөйлеген жазушының жерлесі, белгілі күйші-домбырашы, ардагер ұстаз Серікбай Құсайынов Сәбит Мұқановпен көзі тірі кезінде талай рет кездескені жайында өте әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Ардагер ұстаз Қарақат Шалабаев оның адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, нағыз халық жазушысы болғанын тілге тиек етті.
«Асыл мұра» орталығының жетекшісі Ахметжан Қуантаев оның қарапайымдылығына, қонақжайлылығына тоқталды.
Шара барысында Сәбит Мұқановтың шығармаларынан үзінділер оқылды. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 3 курс студенті Назым Әскер С.Мұқановтың «Мен кіммін деп мақтанам» атты өлеңін, кітапхана оқырманы Мөлдір Қыстаубаева С.Мұқановтың «Қызылжар» атты өлеңін мәнерлеп жатқа оқып берді.
Шарамызға Сәбит Мұқановтың немере-інісі, Облыстық сорт сынау инспектурасының бастығы Мұстафин Ермек Шәкенұлы қатысты. Ол шараға қатысқан жастарға Сәбит Мұқанов туралы көптеген құнды мәлімет берді.
Шараға қатысушылар «Халық сүйген қаламгер» атты кітап көрмесін тамашалады. Кітапханамыздағы Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-бөлмесіне экскурсия жасалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги