ЖАНСАЕВА Майра Дінмұхаметқызы (1909. Петропавл қ. — 1978. сонда) — белгілі ақын. Молдадан білім алып, сауатын ашқан. 1934 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында редакторлық қызмет атқара жүріп өлең жазады. Ол өлеңдері обл. республикалық газеттер мен журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарық көрген. 1949 ж. өлеңдерінің бірінші топтамасы республиканың жас ақындарының “Жастар дауысы” жинағына енеді, ал 1951 ж. оның өлеңдерінің жеке жинағы “Ана жүрегінен” деген атпен жарық көрді. Ж. татар жазушысы Г.Башировтың “Намыс” (“Честь”) романын қазақ тіліне аударған (1952). 1954 ж. Ж. аударған татар жазушыларының әңгімелері “Татар әңгімелері” деген атпен жеке кітап болып шықты. Шығ.: Жастар дауысы. Коллективтік жыр жинағы. А., 1949: Ана жерегінен өлеңдер. А., 1951.