Жандаев Мұқатай

ЖАНДАЕВ Мұқатай (1.2.1916. Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд. Фрунзе а. — 20.6.1998. Алматы ү.) — геоморфолог-ғалым. Геогр. ғыл. докт. (1970). проф. (1971). Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Воронеж пед. ин-тының география ф-тін бітірген (1948). 1948-53 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Геология ғылымдары ин-тында кіші ғыл. қызметкер, 1953-88 ж. ҚазМҰ-да доцент. кафедра меңгерушісі, ал 1988 жылдан кафедра профессоры. Негізгі ғыл. бағыты — геомор-фология, геотектоника, геомор-фол. карта жасау әдістемесі мәселелеріне арналған. Ж. жалпы-геогр. маңызы бар өзендер мен өзен аңғарларының пайда болуы мен дамуының жаңа теориясын жасады. 1-дәрежелі Отан соғысы. 3-дәрежелі “Даңқ” ордендерімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин, А.-А.. 1972; Природа Заилийского Алатау, А.-А., 1978; Речные долины. А.-А., 1984.

К.Әбуов