ЖАҚЫПОВ Мінайдар Жақыпұлы (27.9.1925, Петропавл қ.) — партия қайраткері. Ленинград кеме жасау техникумын бітірген. 1943 ж. Кеңес Армиясы қатарына алынып, Алматы қ-ндағы МҚК мектебіне жіберіледі. 1944—55 ж. тергеуші, аға жедел өкілетті қызметкері, шұғыл әрекет бөлімінің бастығы, Өскемен және Петропавл қ-ларындағы обл. МҚК басқармалары бастығының орынбасары. Алматы ауыл ш. ин-тын бітірген. 1955—68 ж. партия к-тінің хатшысы. Солт. Қазақстан обл-ның кеңшарында директор. 1968—74 ж. Ленин ауд. атқару к-тінің төрағасы, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. партия к-тінің 1-хатшысы. 1974—86 ж. обл. мелиорация және су ш. басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1986 жылдан бастап респ. дүрежедегі дербес зейнеткер. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, 3 мәрте “Құрмет Белгісі” ордендерімен, 2 рет Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ғ. Қадірәлі