ЖАҚЫПОВ Қабдырахым Өксікбайұлы (15.2.1948. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Верхне-Чириков а.) — экон. ғыл. канд. Солт. Қазақстан обл. Статистика басқармасының бастығы. Целиноград инженерлік-құрылыс ин-тын бітірген (1975). 1970—74 ж. Оңт. Орал т. ж-на қарасты Петропавл бөлімшесінің ПМС-175-те инженер. 1974 ж. ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Петропавл қ. Куйбышев ауд. комсомол к-тінің 2-хатшысы, 1976—78 ж. Солт. Қазақстан обл. комсомол к-ті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Солт. Қазақстан обл. к-тінің құрылыс бөлімінде нұсқаушы болып қызмет атқарды. 1985— 87 ж. Мәскеу қ-ндағы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында оқыды. 1987—91 ж. обл. партия к-ті бөлім меңгерушісінің орынбасары. Петропавл қ. партия к-тінің 2-хатшысы, 1993—96 ж. Солт. Қазақстан аймақтық мемл. меншік жөніндегі к-ттің төрағасы, 1997—99 ж. Солт. Қазақстан обл. әкімдігі жанындағы тәртіп жөніндегі кеңестің төрағасы болды. 2003 ж. Солт. Қазақстан обл. статистика жөніндегі басқарма бастығы. “Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталған.