«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2022 жылдың 10 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды. Шолуды кітапханашы Дамира Серікбаева жасады.
Осы жолы шолуда Солтүстік Қазақстан облысының және Қызылжар қаласының тарихына байланысты кітаптарға көп орын берілді. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікованың «Қызылжардың шерлі тарихы» (Петропавл қ., 2021 ж.) атты 3 томдық жинағы, Қызылжарда 103 жыл бұрын шығып тұрған «Жас азамат» газетінің тарихына арналған «Жас азамат» (1918-1919 жж.) (Петропавл қ., 2021 ж.) атты ғылыми басылымы және Алаш қайраткері, Қызылжар өңірінде білім және денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың бірі, өлке тарихы мен мәдениетінің жанашыры, көсемсөзші қалам қайраткері Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен қызметіне арналған «Жұмағали Тілеулин» (Петропавл қ., 2021 ж.) атты еңбегі, жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жақсыбай Самраттың Қызылжар өңіріне танымал қоғам қайраткері, ардақты азамат, ардагер ұстаз болған Назымбек Оразымбетовтің өмірі мен қызметіне арналған «Арыстан еді-ау, Назымбек…» (Нұр-Сұлтан: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2020 ж.) атты естелік жинағы.
Келесі таныстырылған кітаптар: Арасанбай Естеновтің «Алашапқын» (Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021.) атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы, Сейдәзім Қадырбайдың (1885-1938). Шығармалар жинағы. (Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2021 ж.), Дүкен Мәсімханұлының «Өз аспаным өзімде». Өлеңдер, толғаулар, поэмалар (Астана: Фолиант, 2014 ж.) атты жыр жинағы, Икрам Адырбековтің «Елшінің жазбасынан» (Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021 ж.) атты еңбегі, көрнекті жазушы, теледраматург Сұлтан Оразалының Жеті томдық шығармалар жинағының 1-ші, 2-ші томдары (Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021 ж.).
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу