«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.

Бүгінгі эфирде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша түскен «Panorama» (Е.Росс), «Қазіргі бизнес Коммуникация» (Т.Джон), «Маркетинг негіздері» (Филип.Т) (Армcтронг Гари), «Стратегиялық менеджмент негіздері» (Г.Джон), «Менеджментке кіріспе» (Н.Уилтон) кітаптары таныстырылды. Бұл кітаптар ЖОО студенттеріне, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын окырмандарға арналған.

Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулық әртүрлі тілден қазақ тіліне аударылып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында шығарылған.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы