2023 жылдың 2 тамызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Осы жолы шолуда Ахмет Кенесарыұлының «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» кітабы, Зияш Телеуованың «Бет перде» атты шытырман оқиғалы көркем әдебиеті, белгілі жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Кезбе бұлттар» романы, Кейн Сьюзанның «Интроверт». Мінез ерекшеліктерін артықшылық ретінде пайдалану жолдары кітабы, «Педагогика, оқыту әдістемесі пәні. Теориялық түсініктемелер мен тест тапсырмалары» мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құрал және басқа да авторлардың кітаптары таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги