2023 жылдың 14 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Осы жолы шолуда Отбасы хрестоматиясы сериясымен жарыққа шыққан Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Асылтай Тасболаттың «Салт-дәстүр сөйлейді» атты кітабы, белгілі қаламгер, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжоловтың «Айсберг астындағы ағыстар» әдебиет әңгімесі, Дарон Аджемоғлы, Джеймс А.Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады» атты кітабы, жазушы Айсұлу Әлмаштың «Таныстар татулығы» атты балаларға арналған роман-миниатюра, повесть-ертегілер жинағы және басқа да көптеген авторлардың кітаптары таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги