2022 жылдың 2 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Осы жолы шолуда журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күләш Бейсенбиеваның «Өмір – өзен, уақыт — керуен» атты кітабы, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бауыржан Қарабековтің «Өмірімнің өрнегі» атты жинағы, ақын Ерлан Жүністің «Мық кітабы» атты еңбегі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты, талантты ақын Бауыржан Әліқожаның «Ақтүн» атты жинағы және басқа да көптеген ақын-жазушылардың кітаптары таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги #ЖаңаТүскенКітаптарғаШолу