Жүнісова Жаңылжан Хасымқызы

ЖҮНІСОВА Жаңылжан Хасымқызы (12.8.1951. Петропавл қ.) — ғалым, саясаттану ғыл. докт.. ҚазМУ-ды (1974), ММУ-дің аспирантурасын (1981) бітірген. 1976—78 ж. ізденуші-зерттеуші, 1974-76 және 1981—88 ж. Петропавл пед. ин-тының аға оқытушы, доцент, 1988—92 ж. Алматы Жоғары партия мектебінде Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау интында доцент; 1992 жылдан ҚР ҰҒА Шығыстану ин-тының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993—94 ж. Бермингем ун-тінде (Ұлыбритания) және Вашингтон ун-тінде (АҚШ) стажировкадан өтті. ҚР Шығыстану орт-нда бөлім меңгерушісі. Ж-ның еңбектері шетелдерде жарық көрген. Салыстырмалы саясаттану саласымен айналысып жүрген маман ретінде белгілі.