ЖӘНІБЕК БАТЫР Төлекұлы (17-ғ-дың басы, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Еменалы жалы қонысы (қазіргі Архангель а-ның орны — 17-ғ-дың 3-жартысы, сонда) — белгілі қолбасшы Толыбай сыншы Дәуленұлының сардарларының бірі. Еділ және жоңғар қалмақтарына қарсы соғыста белсенділік көрсеткен. Жәңгір хан оны “Ер Жәнібек” деп атаған. Үргеніш қ-ндағы медреседе оқып. Құран хадистерінен басқа араб, парсы, ежелгі түркі тілдерін үйренген. Туған ауылына келген соң. балаларды оқытумен айналысқан. Ж. б-дың ұрпақтары қазір Жамбыл ауд-ның Архангель, Үлгі а-дарында. Петропавл қ-нда және т.б. елді мекендерде тұрады. Ж. б-дың ұрпақтарының бірі Жолан батыр Сармантайұлы 19-ғ-да өмір сүрген. Сонымен қатар “Қабылдау”, “Хасен-Мариям” поэмаларының авторы, ақын және ағартушы Біржан Берденұлы да Ж. б-дың ұрпағы.
К. Бигожин