ЖҰМАБАЕВ Социал Жұмабайұлы (1.7.1937, Солт. Қазақстан обл. Преснов ауд. Молалы а.) — өлкетанушы, зерттеуші. Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі (1980). 1962 ж. Абай атынд. ҚазПИ-ді бітірген. 1962—70 ж. Преснов ауд-ның Улгі бастауыш мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 1970—85 ж. Жамбыл ауд. халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, 1985—95 ж. оқу-ағарту қызметкерлері кәсіпшітер одағы ауд. к-тінің төрағасы, күндізгі және сырттай оқитын кешкі орта мектептің директоры. Жамбыл ауд. “Ауыл арайы” газетінің жауапты хатшысы. 1996 жылдан бастап мүгедектігіне байланысты демалыста. 2001 жылдан Солт. Қазақстан обл. өлкелік мұражайының “Асыл мұра” бөлімінің қызметкері. “Арманды ақын”, “Сегіз сері” (2 т.), “Қожаберген жырау” кітаптарын құрастырған. “Тоқсан би”, “Бір әулеттің тарихы”, “Мәлік Айдарбеков”, “Шағырай шешен” кітаптарының авторы. Мақтау қағаздарымен және медалдермен марапатталған.