ЗЕМЛЯКОВА Ольга Ивановна (22.6.1913. Солт. Қазақстан обл. Ақжар ауд. Явленка а.) — Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі. 1938—40 ж. Ушинский атынд. Петропавл мұғалімдер ин-тында оқыған. 1933—35 ж. бастауыш мектеп мұғалімі, Қарағанды обл. Тельман аудндағы № 6 арнайы кенттің бастауыш мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1935—38 ж. сол кенттің жеті жььтдық мектебінде, 1937-38 және 1940-41 ж. Петропаат қ-нзағы Н.Крупская атынд. №8 мектепте биология пәнінің мұғалімі, 1941—68 ж. Киров атынд. №2 орта мектепте ұстаздық қызмет атқарған. 1968 жылдан зейнеткерлік демалыста. Медалдермен марапатталған. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі.