Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы академиясының Тілдік дайындық кафедрасының бастығы, майор Ақмарал Сәркенқызы тікелей эфирде Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты кітабына шолу жасады.
Халық қаһарманы, батыр, жазушы, Б.Момышұлының өмірін негізге ала отырып жазылған «Шуақты күндер» кітабы З.Ахметованың шығармаларының ішіндегі мазмұны жағынан ерекше туындысы. Автордың бұл кітабында бүгінде ешқандай оқу орны бере алмайтын тәлім-тәрбие мен өнеге жатыр. Ой түйемін, қорытамын, керек дүниені аламын десеңіздер, осы кітапты оқуға кеңес береміз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги