Зайберт Виктор Федорович

ЗАЙБЕРТ Виктор Федорович (30.9.1947, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Николаев а.) — ғалым, тарих ғыл. докт. (1992), ҚР Әлеум. ғылымдар академиясының академигі. Германия археологтар қоғамының корр.-мүшесі. Петропавл пед. ин-тын (1969), Мәскеу Археол. ин- тының аспирантурасын (1969-72) бітірген. Петропавл пед. ин-тында оқытушы, кафедра мең-герушісі, декан, ғылым жөніндегі проректоры болған. 1994— 96 ж. Солт. Қазақстан ун-тінің ғылым және халықар, қатынастар жөніндегі проректоры, 1999—2003 ж. Петропавл Бизнес және басқару ин-тының ректоры. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты — Еуразия археологиясын зерттеуге, алғашқы қоғам тарихына арналған. 100-ге тарта ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның және ТМД елдері академиялық басылымдарындағы жинақтардың авторы. Кембридж, Оксфорд, Белфаст, Эдинбург, Нью-Касла ун-ттерінде дала мәдениеті жайлы лекция оқыған.

Шығ.: Атбасарская культура Екатеринбург, 1992; Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавл, 1993.

М.Михайлов