ЫСҚАҚОВ Айып Рашитұлы (21.2.1959. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бұлақ а.) – ғалым, биол. ғыл. докт. (1999). Қазақ ауыл ш. ин-тын бітірген (1981). Еңбек жолын 1985 ж. В.Вильямс атынд. Қазақ Егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында жазғы дәнді дақылдар селекциясы бөлімінде аға зертханашыдан бастап, биотехнология бөлімінің меңгерушісі болған. 1983-87 ж. КСРО ҒА Н.И.Вавилов атынд. Жалпы генетика ин-тында стажер, аспирант, 1994-95 ж. Қазақ ауыл ш. академиясында ғыл. хатшы, 1995-97 ж. Қазақ Егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында биотехнология бөлімінің аға ғыл. қызметкері, 1997-99 ж. Қазақ мемл. агр. ун-тінде Өсімдіктер биотехнологиясы кафедрасының меңгерушісі, 1999-2001 ж. Қазақ ұлттық агр. ун-тінің Халықар. байланыс жөніндегі проректоры, 2001-2003 ж. Солт. Қазақстан мемл. ун-тінің ішкі байланыстар және ғыл. жұмыс жөніндегі проректоры, ауыл ш. кафедрасының меңгерушісі. Ы-тың ғыл. еңбектері – өсімдіктер биотехнологиясымен, биология ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты 70-тен аса ғыл. еңбек пен мақаланың авторы.
Г.Мұқанова