«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Санаулы күндерден кейін Қазақстан халқының егеменді елдігін, мызғымас бірлігін айдай әлемге паш еткен күн, елімізде тұратын халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ-берекені насихаттайтын ерекше мейрам — Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады.
Бүгін біз осы мерекенің қарсаңында тікелей эфирде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Салмурзин Сағындық Досмақұлымен осы мерекенің маңызы, мақсаты және елімізде тұратын этностар арасында бірлік пен келісімді сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайында әңгімелесеміз. Бірлік — көп ұлтты Қазақстан үшін ең маңызды құндылық. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Бірлігі, ынтымақтастығы жарасқан елде тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ЫнтымақБірлікКелісім