Қылыш Тұрлыбайұлы

ҚЫЛЫШ Тұрлыбайұлы (1857. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд.. Айымжан ауылына жақын жердегі Сеңгірбай қонысы — 1923. сонда) — халық ақыны. Жамбыл ауд. Болотное с-ндағы (қазіргі Новорыбин с.) медреседе оқыған. Кейін белгілі ақын және музыкант Мұсайын Сегіз Серіұлының шеберлігін үйренген. 13 жасында өлең шығарып, оны ән ретінде орындап жүрген. Мұсайын Сегіз Серіұлы оған домбыра мен сыбызғы сыйға тартқан. Қ. сол кездегі белгілі ақындар Шәркесал. Нияз сері, Көрпе, Тоғжан, Байекеден ақындық тәрбие алған. Қ. жұмбақ айтыстың шебері болған. Сегіз сері ұлдарының сәл кейінірек шайқасқа қатысқан Оразақ, Шоқпыт, Сарықой, т.б. батырлардың ерліктері, жеңістері тураты поэма жазған.

К. Биғожин