Воронцова Наталья Геннадиевна

ВОРОНЦОВА Наталья Геннадиевна (23.06.1957, Петропавл қ.) — денсаулық сақтау қызметкері. 1982 ж. Целнноград мемл. мед. ин-тын бітіріп, 1982—87 ж. дәрігер-интерн, әскери комиссариаттың дәрігері. 1987—89 ж. бөлімше терапевті. 1989—99 ж. қалалық денсаулық сақтау бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары, обл. денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. “Құрмет” орденімен марапатталған.