Кезекті кездесуде С. Мұқанов атындағы кітапхана өз оқырмандарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген құнды еңбектерін ұсынды. Ұлы даланың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін, дала фольклорын жинақтап, жүйелеп, зерттеп, жас ұрпақ назарына ұсыну мақсатымен «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», «Ұлы Даланың көне сарындары», «Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері» атты кітаптар біздің кітапханада өз орнын алды. Осы кітаптарда топтастырылған орны ерекше шығармалармен танысам деген оқырмандарымызды асыға күтудеміз!