Ущев Борис Петрович

УЩЕВ Борис Петрович (31.3.1915. Петропавл қ.- 1998, Петербург қ.) – Кеңес Одағының Батыры (1944), I рангілі капитан. 1939 ж. Жоғары әскери-теңіз флоты уч-щесін, 1953 ж. Әскери-теңіз академиясының жанындағы ВАК-ты бітірген. 1939-40 ж. кенес – финн соғысына қатыскан. Балтық флотының 1 -гвардиялық дивизиясының торпедалық катерлер отрядының командирі болған. Соғыстан кейін де әскери теңіз флотында қызмет еткен. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыққан. Ордендермен және медалдермен марапатталған. Петропавл қ-ндағы бір көшеге У. есімі берілген. Соғыстың алғашқы жылдары У. эскери қызмет атқарған кеме “Борис Ушев” деген атпен тұғырға қойылған және Балтық флотында қызмет ететін әскерлердің жауынгерлік даңқ ескерткішіне айналған.