Әуелбеков Еркін Нұржанұлы

ӘУЕЛБЕКОВ Еркін Нұржанұлы (22.6.1930. СҚО қазіргі Ғ.Мүсірепов атынд. Ауд. Жаңасу а. – 29.1.1999, Алматы қ.) -мемл. және қоғам қайраткері. Соц. Еңбек Ері. Тимирязев атынд. Мәскеу а.ш. академиясын бітірген. Солт. Қазақстан обл. Коноваловский МТС-нда бас агроном. директор. “Марьевский” кеңшарының директоры, 1961—65 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, обл. партия к-тінің 2-хатшысы, обл. атқару к-тінің төрағасы, 1965 ж. Ауыл ш. министрінің 1-орьшбасары. 1968 ж. Қазақстан Нан өнімдері және құрама жем өнеркәсібінің министрі. 1968—85 ж. Көкшетау, кейіннен Торғай обл. партия к-ттерінің 1-хатшысы, 1985—88 ж. Қызылорда обл. партия к-тінің 1-хатшысы. 1988 ж. КСРО Жоғ. Кеңесінін Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықар. қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, 1991—92 ж. ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ә. еліміздегі әлеум.-эконом. қайта құру істеріне үлкен үлесін қосқан. Екі мәрте Ленин орденімен және медалдермен марапатталған.