Тырбиев Молдахмет

ТЫРБИЕВ Молдахмет (1882, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Еңбек а. – 10.9.1950, сонда) – хатық ақыны. 16 жасында-ақ әнші және домбырашы ретінде бүкіл округке танымал болып, халық арасында “Бала ақын” деген атты иеленген. Т. қазақтың халық әндерін, Ақан сері, Біржан сал, Тәттімбет, т.б-лардың шығармаларын орындаған. Көптеген айтыстарға қатысқан оның Соғыс жылдары Отанын қорғап жүрген жерлестерінің ерліктерін, батырлықтарын жырға қосқан. Естелік белгілермен және айтыстар мен конкурстардың грамоталарымен марапатталған.